АҚҚОЙЛЫ МЕМЛЕКЕТІ

АҚҚОЙЛЫ МЕМЛЕКЕТІ – 14-15 ғ-да Тигр өз-нің жоғарғы сағасын, Тебриз, Бақы маңайын мекендеген көшпелі түрік-оғыз тайпаларының мемл. бірлестігі. Шу, Талас өзендері алабын, Тараз шаһары маңын мекендеген аққойлы руының бір бөлігі осы А. мемлекетінің негізін қалауға араласқан деген жорамал бар. Ұзын-Хасан билігі тұсында (1453 — 78) барынша дәуірлеп, халықар. саясатта маңызды рөл атқарды. Арменияны, Әзербайжанды, “парсы елінің” батыс өлкелерін, Иракты басып алып, Тебризді астана еткен. Ұзын-Хасан 1463 ж. Венециямен, Рум елімен, Венгриямен одаққа кіріп, Осман сұлтандығына қарсы күресті. 1468 ж. өзінің басты бақталасы Қарақойлы мемлекетін талқандады. 15 ғ. аяғында ханзадалардың билікке таласынан, халық наразылығынан мемлекет әлсірей  бастады да 16 ғ-да оны Иранның Сефеви әулетінен шықкан Исмайыл I шаһ басып алады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *