АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ Солт. Қазақстан обл-ның солтшығысындаі әкімш. аудан. Бұрын Совет ауданы деп аталды. 11 ауылдық әкімш. округке бөлінген. Орталығы Смирнов кенті. Жерінің аум. 4,7 мың км2. Тұрғыны 35,5 мың адам (1997). Аудан Батыс Сібір ойпатының оңтүстігін алып жатқан Есіл жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Жерінің беті жазық, кей тұсы белесті болып келеді. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай, үлкенді-кішілі, суы ащы көлдер кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, ауаның орташа темп-расы каңтарда —19 — 20°С, жазы қоңыржай-ыстық, шілдеде 18 — 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 300 — 350 мм аралығында. Аудан — көлге бай. Үлкен көлдері оңтүстікте орналасқан. Олар: Шағалалы- Теңіз, ТереңкөлБозаралТалдыарал, Үлкен Жарма, т.б. Жер қыртысы, негізінен, әр түрлі шөп аралас селеу өскен сортаң қара топырақтан, жусан мен бетеге өскен сор қара топырақтан тұрады. Жазық жерлерде қайыңды ормандар мен шоқ тоғайлар өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, бұлан; құстардан: қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, бүркіт, кезқұйрық, бозторғай, шымшық мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 7,5 адамнан келеді. Ауданда Қилы май з-ты, аудандық тұтынушылар қоғамы кәсіпорындары, астық дайындау пункті, баспахана жұмыс істейді. А. ш-на пайдаланатын жері 334,6 мың га, оның 207,5 мың га-сы егістік, 10 мың га— сы шабындық, 126,1 мың га— сы жайылымдық. А. ш-ның басты саласы — егіншілік. Ол, негізінен, астық және жемшөп дақылдарын өсіруге мамандандырылған. Мал ш-нан ірі қара, жылқы, шошқа, құс өсіріледі. Бұрынғы кеңшарлар нсгізінде ұйымдастырылған кооп. шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Ауданда жалпы білім беретін 38 мектеп, аудандық аурухана, 33 учаскслік аурухана мен емхана, 26 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *