АҚТАУ

АҚТАУ — 1) қылмыс уақиғасы айқындалмағансотталушының әрекетінде қылмысты құрайтын нышандар болмаған немесе оның қылмыс істеуге қатысқандығы дәлелденбеген кезде шығарылатын сот үкіміСондай-ақ ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының арнаулы тармақтарында көзделген негіздерге сүйене отырыпізге түсу органдары айыпталушыны (сезіктінікінәсіз деп тани алады. А. үкімінің сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлігіне қатысты талаптар осы Кодекстің 381, 382-баптарында көзделген; 2) кең мағынасында алғанда азаматтың нұқсан келтірілген абырой-беделінадал атынәділеттілікті қалпына келтіру., Мыс., 1993 ж. 14 сәуірде ҚР-ның “Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы” заңы шықтыОның 1-бөлімінің (“Жалпы ережелер”) 1-бабында “адамды сот тәртібінде немесе заңмен белгіленген басқа тәртіпте саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп тануоның бұзылған құқыларын қалпына келтіруол шеккен моральдық немесе материалдық залалдың орнын толтыру ақтау деп ұғылады” делінгенСондай-ақ заңда А-ға жататын адамдар санаты және А-дың тәртібі мен нәтижелері көзделген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *