АҚТАМ

АҚТАМ — 10 — 12 ғ-дағы қала орны. Алматы обл. Бақанас а-ның солт-нде 120 км жерде орналасқан. Жетісу археол. экспедициясы 1961 ж. (жетекшісі К.А. Ақышев), 1964 ж. (жетекшісі Ақышев, К.М. Байпақов), 1997 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясы (жетекшісі Байпақов) зерттеген. Ежелгі аты белгісіз. Қала орны дүниенің төрт құбыласымен бағыттас орналасқан төртбұрышты шоқы, аумағы 180×170 м. Бұрыштарында аумағы 10—12 м, биікт. 2 м, Г әрпіне ұқсатып салынған кақпасының жалпақтығы 8 м. Қала сыртында 120 — 60 м қашықтықта қорғаныс қабырғалары бар. Биікт. 0,5 — 0,75 м. Осы қабырғадан кіретін дарбаза ішкі қақпаға қарсы орналасқан. Екі шетінен дөңгелек мұнаралармен бекемделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *