АҚСҮМБЕ

 АҚСҮМБЕ — көне қала орны. Оңт. Қаз. обл. Созақ ауд. Қаратаудың терістік жағында, Ақсүмбе өз-нің сол жағалауында орналасқан. Қаланы 1946 ж. акад. Ә.Х. Марғұлан басқарған Оңт. Қаз. археол. экспедиция, 1947 ж., археологтар Е.И. Агеева. Г.И. Пацевич зерттеген. Қазіргі кездегі көрінісі тік төрт бұрышты төбе, биікт. 1 м, солт-тен оңт-ке қарай 75 м, шығыстан батысқа қарай 60 м. Қала топырақ дуалмен қоршалған. Төрт бұрышында қарауыл мұнаралардың орны байқалады. Оңт.-шығыс жағында бұрышта орталық қорғаны сақталған. Оның аумағы 25×25 м. Қазіргі кездегі биікт. 0,5 м, төрт бұрышында мұнара орны көрінеді. Қала орнынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап ғалымдар қала тұрғындарының 10—15 ғ. өмір сүргендігін анықтады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *