АҚСҮЙЕК — Жамбыл обл. Мойынқұм ауд-ндағы өзен. Ұз. 70 км, алабының ауданы 621 км2. Шу — Іле суайрығындағы Айтау жотасынан басталып, Қошқарбай сорына жетпей жерге сіңеді. Ерте көктемде (наурыз айында) тасиды. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Суы кермек, тек мал суаруға жарамды.