АҚСҮЙЕК

АҚСҮЙЕК — ұлттық ойын. Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайды. А. ойынына малдың ақсөңке болып қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын бастаушы А-ті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда А-ті тартып алудың амалын жасап бағады. А-ті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста А-ті сөреге жеткізген топ жеңген саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. А. бірін-бірі ұнатқан жастардың оңаша кездесуіне де дәнекер болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *