АҚСҮЙЕК — Жамбыл обл— ның Мойынқұм ауд-ндағы кент. Аудан орталығы — Мойынқұм а-ның шығыс жағында 220 км жерде, Алматы — Қарағанды автомоб. жолының Ақсүйек өз-мен қиылысқан тұсында, шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,7 мың адам (1997). Іргесі 1959 ж. осы манда уран кен орнын игеруге байланысты қаланған. Жақын т. ж. стансасы — Буралбайтал (65 км жерде). Кентте орта мектеп, клуб, кітапхана, дәріхана бар.