АҚСУ — кент, Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд-ның орталығы, т. ж. ст. Облыс орталығы — Шымкент қ-нан солт.-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, күлгін топырақты шөлейтті белдемде, Арыс өз- нің саласы Ақсу өз-нің оң жағалауында орналасқан. 1990 ж. дейін Белые воды а. аталған. Тұрғыны 26,6 мың адам (1997). А. ш. машиналарын жөндейтін және оның бөлшектерін шығаратын кәсіпорын, құрылыс комбинаты, т.б. жұмыс істейді. Аудан орталығында жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік-тех. уч-ще, кітапхана, дәріхана, сан.-эпидемиол. ст., аурухана бар. Кент арқылы Ташкент — Алматы т. ж. және автомоб. жолы өтеді.