АҚСУ — Шу өз-нің сол жақ саласы. Қырғыз Алатауының солт. беткейлерінен бастау алып Тасөткел бөгеніне (Жамбыл обл.) құяды. Ұз. 155 км, су жинау алабы 483 км2. Алабында жалпы ұз. 70 км болатын кішігірім 5 саласы және жалпы ауд. 4,2 км2-ден астам бірнеше ұсақ көлдер бар. Мұздықтар және қар суымен толығады. Жылдық ағынның 70%-і мамыр — шілде айларына келеді. Көп жылдық орташа су шығыны 4,74 м3/с. Суы тұщы, орташа минералд. 130 — 140 мг/л. А. өз-нің суы, негізінен, егін суаруға пайдаланылады.