АҚСУ АСУЫ — Күнгей Алатауындағы асу. Теңіз деңгейінен 4151 м биіктікте орналасқан. Шығыс Ақсу мұздығы мен Шоң Ақсу өз. аңғары аралығын қосып жатыр. Асуға көтерілу үшін Шығыс Ақсу мұздығының оң қапталын бетке ала отырып, морена аумағымен өтетін жалғыз аяқ жолға шығу керек. Жол жоғары көтеріле келе біртіндеп сырғыма жарқабақтанған тұста оңт.-шығысқа бұрылады. Асудың батыс беткейі ұсақ қиыршық тасты келеді. Онымен көтерілу қиындық туғызбайды.