АҚСУ АЛТЫН КЕНІ

АҚСУ АЛТЫН КЕНІ, Ақмола обл. Ақкөл ауд-нда, Степногорск к-нан солт.-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан. Ол 1929 ж. көне кен қазбалардың ізімен ашылған. 1930 ж. бұл жерде кеніш ашылып, 1931 ж. алғашқы 147 кг алтын алынды. Кеннен 1931-97 ж. барлығы 25 т алтын өндірілген. Мұндағы кварц желілері мен кварциттерден тұратын кентастар кембрий-ордовик жыныстары аумағында жатыр. А. а. к. өз алдына бөлек 5 кен орнынан тұрады. Оларда өндірістік маңызы бар 192 желі кездеседі. Желілердің қалыңд. 0,12 — 0,31 м, ұз. 107-154 м аралығында. Желілер кварцты габброидтерден, диориттерден, тонолиттерден және гранодиориттерден тұратын ордовик интрузивтерінің бойында қалыптасқан. Алтынның орташа мөлш. 23,6—45,9 г/т. Көлбеу жатқан желілер қалың келеді (1,1-2,3 м), бірақ оларда алтынның орташа мөлш. төмен (6,4—23,8 г/ т). Кен орнында алтынға бай кварц желілерімен қатар алтын-мыс-скарнды кентастар және әлі толық зерттелмеген березит сығылмалары бар. А. а. к. кентастары Ақсу алтын байыту фабрикасының шикізат базасы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *