АҚСУАТ

АҚСУАТ — Қостанай обл-ның Наурызым ауд-ндағы тұщы көл. Құсмұрын және Сарықопа көлдерінің арасына орналасқан. Ұз. 18,1 км, ені 4,2 км. Ең терең жері — 3 м. Жауын-шашын көп жауған жылдары көлдің аумағы ұлғайып тұрады. Жаздың құрғақ мезгілінде көл екіге бөлініп қалады. Қарашаның аяғында мұз қатып, сәуірде ериді. Көлде алабұға, мөңке, сазан өседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *