АҚСУАТ

АҚСУАТ — Солт. Қазақстан обл-ның Тимирязев ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшокругінін орталығы, т.жст. Аудан орталығынан оңт-ке қарай 22 км жерде, Обаған және Есіл өз-дерінің су айрығындағы дала белдемінде, /Ақсуат к-нің шығыс жағында орналасқан. Іргесі 1958 ж. Жаңа Қорған — Пески (Новошиимскийт.ж-н салуға байланысты қаланған. Тұрғыны 1,0 мыңға жуық (1997). А. мал бордақылауға мамандандырылған “Целинное” бірлестігі мен ауылдық кеңестің орталығы болып келді. Мұнда бұрынғы кеңшар негізінде әр түрлі шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Элеватор, май з-ты, 8 жылдық мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *