АҚСУАТ — Батыс Қазақстан обл-ның Теректі ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Жайық өз-нің сол жағалауында, аудан орталығы — Федоровка а-нан батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Орал (25 км жерде). Іргесі 1936 ж. қаланған. 1997 жылға дейін ұжымшар, селолық кеңес орталығы болған. Кейін (1997) ұжымшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. Тұрғыны I мың адам (1997). А-та машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, сауда және тұрмыс қажетін өтеу мекемелері бар. Тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.