АҚСУАТ — Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд-ндағы ауыл, Балықшы ауылдық әкімш. округінің орталығы. Зайсан к- нің солт. жағалауында, аудан орталығы- Күршім а-ның оңт.-шығысында 50 км-дей жерде орналасқан. Іргесін 1890 ж. қалаған. Тұрғыны 1 мыңға жуық (1997). А-та Құйған балық з-тының бөлімшесі жұмыс істейді. Тұрғындары аудан орталығымен және елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады. Орта мектеп, аурухана, т.б. мекемелер бар.