АҚСАРЫ ЖОҢЫШҚА

АҚСАРЫ ЖОҢЫШҚА (Medicago ochroleuca) — бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа туысының бір түрі, көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батысындағы Ақсу — Жабағылы тауының солт. тасты беткейлерінде, биік тау белдеулерінде, аршалы бұта, орман арасында өседі. Биікт. 75 — 80 см, сабағы тік, жапырақтары үш құлақты, жапырақшалары ұзынша, түкті, кейде жалаң болады. Гүлі сары түсті, бұршағы имек, боз қоңыр түсті келеді. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Тамыз — қыркүйекте жеміс береді. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. А. ж. — құнарлы мал азығы. Сирек кездесетіндіктен Ақсу — Жабағылы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *