АҚСАЙ — қала. Батыс Қазақстан обл. Бөрлі ауд-ның орталығы, т.ж. ст. Орал қ-нан 110 км жерде, бетеге мен селеу өскен қоңыр қызғылт топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Іргесі Орал Илецк т. ж-н салуға байланысты қаланған. 1968 жылға дейін “Қазақстан” атты кент болды. Тұрғыны 26,8 мың адам (1997). А. қ-нда машина, трактор жөндеу, темір- күйматас бұйымдарын жасау з-ттары, автобаза, астық қабылдау пункті, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, т. ж. көлігі кәсіпорындары, нан з- ты, элеватор жұмыс істейді. Сондай-ақ орта мектептер, кітапханалар, аурухана, кинотеатр бар. Тұрғындар облыс орталығымен, жақын аудандармен автомоб. жолдары арқылы қатынасады. Ақсай қ- нан солт.-шығысқа қарай 20 км жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кені орналасқан.