АҚСАЙ ФОСФОРИТ КЕНІ Жамбыл обл. Талас ауд-нда Қаратау қ-нан 40 км батысқа қарай орналасқан. Қаратау фосфорит алабына енеді. Кен орнының ұз. 8 км, ені 100 м болады. Оны 1938 ж. геологтар П.Л. Безруков пен Б.М. Гиммельфарт ашқан. Түбегейлі барлау жұмыстары 1951-1956 ж. жүргізілген. Кен орны 1959 — 87 ж. ашық кеніш әдісімен игеріледі. Ал 1987 жылдан бастап фосфорит жер астындағы кеніштен өндіріледі. А. ф. к. төменгі кембрийге жататын Шолақтау свитасынан тұрады. Бұл свитаның төменгі, кентассыз бөлігі шақпақтасты доломиттер мен доломитті әктастардан (қалыңд. 3 — 15 м) және фосфоритті шақпақтастардан (қалыңд. 3 — 10 м) құралған. Бұлардан жоғары әрқайсысының қалыңд. 1,5 — 12 м, фосфор ангидридінің (Р,05) орта мөлш. 20 — 27% 4 кен қабаты бар, олардың литологиялық құрамы, негізінен, фосфатты, шақпақтасты, карбонатты болып келеді. Алынған фосфорит кентасы Қаратау кен-химия комбинатында өңделеді.