АҚСАЙ МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ, Қызылорда обл. Жалағаш ауд— ңда (Қызылорда қ-нан солт.- батысқа қарай 130 км жерде) орналасқан. 1988 ж ашылған. Кен құрылымының өлшемдері 11×7 км, амплитудасы 100 м. Ол бор кезеңінде түзілген Арысқұм қабатының терригенді шөгінділеріндегі үш кен шоғырынан тұрады. Олардың біреуі мұнайлы-газды болса, калған екеуі — мұнайлы. Олар тектоник. жарылымдар және литологиялық өткізбейтін жыныстар арқылы оқшауланған. Өнімді қабаттардың жалпы қалыңд. 11 — 18 м, оның ішінде мұнайлы қабаттардың тиімді қалыңд. 4 — 11 м, газды қабаттардың тиімді қалынд. 3 — 6 м. Мұнай мен газды сіңірген терригенді коллекторлардың ашық кеуектілігі 13,1 — 14,9%, өткізгіштігі 0,02-0,86 мкм2. Олар калыңд. 10 – 150 м саз қабатымен жабылған. Кен шоғырларындағы бастапқы қабаттық қысым 15,6— 16,73 мПа, темп-ра 71°С. Мұнайының тығызд. 0,855 — 0,950 г/см3; күкірті аз (0,11%), бірақ парафин (16 — 20%) мен шайыр (10,6%) мөлш. біршама жоғары келеді. Газдың тәуліктік шығымы 137,6 м3. Оның құрамындағы метан 81,55%, этан 9,73%, пропан 3,3%. Кен орны толық барланып бітпеген.