АҚСАЙ МИНЕРАЛДЫ СУЫ 

АҚСАЙ МИНЕРАЛДЫ СУЫ – Алматы қ-нан батысқа қарай 13 км жерде, Тау самалы а. маңында орналасқан шипалы жер асты суы. Ол 1900-2600 м тереңдіктегі палеоген және неоген сулы қабаттарында таралған. А. м. с-ның хим. кұрамы хлорлы натрийлі-кальцийлі келеді. Суы арынды. Нөмірі 5-Т ұңғымасы нан атқылап шығатын судың секундтық мөлш. 11 л, темп-расы 55,5°С, минералд. 6,1 г/л. Суының құрамында бром (12,5 мг/л), фтор (2,9 мг/л), йод (1,34 мг/л) және кремний қышқылы (52 мг/л) бар. Суында еріген газ, негізінен, азоттан (80,5 — 84,0%) тұрады. А. м. с. Алматы қ-ның төңірегінде орналасқан санаторийлер мен профилакторийлерде, ауруханаларда қол-аяқ буындарын, асқазан-ішек, жүйке, гинекология ауруларын емдеуде қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *