АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ — кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың бәрі — газет, журнал, телевизия және радио, ғыл. хабаршылар, бюллетеньдер, прессрелиздер, ғыл. жинақтар, жарнамалық мәтіндер, таблоидтер жатады. Қалыптасқан мағынасында: мерзімді баспасөз, телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. Баспасөз, телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді, бұл материалдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстет. сұранысын өтейді. А. қ. — мемл. тәуелсіздігінің саяси- экон. және ғыл.-технол. дербестігімен пара-пар басты белгілерінің (атрибутгарының) бірі.