АҚПАРАТ САЯСАТЫ — мемлекеттік органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі — іскерлік, бәзілдік, ғыл.-танымдық, хабарламалық, т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. А. с-н бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әр қилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік технол-ларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мем. өзінің экон., әлеум.-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес А. с-н ұстанады. Мемл. тарихындағы түбірлі реформ. өзгерістерге орай дұрыс тандап алған А. с. қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік материалдық-рухани құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге қызмет етеді.