АҚПАРАТТАНУ

АҚПАРАТТАНУ, информ а т и к а (францinformation — информация және automatigue — автоматика сөздерінен шыққан, яғни ақпаратты автоматика) — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әр түрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғ-дың басында Бельгия ғалымы П. Отле ғыл. құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру ешқандай А-ға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да А. дербес пән ретінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал А. Қазақстанда 1957 ж. басталды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *