АҚПАРАТТАНУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ИНСТИТУТЬІ, ҚР Ғылым министрлігі — ҒА-ның, 1991 ж. қыркүйек айында құрылған. Ин-т құрамында 6 лаборатория бар (1997). Ғыл.- зерт. жұмыстарының негізгі бағыттары: ақпарат және мәліметтер қорын қорғау құралдары мен әдістерін зерттеу; бейнелердің формальды модельдері мен бейнелерді тану әдістерінің теориялық негізін жасау, сондай-ақ күрделі жүйелерді басқару кезінде шешім қабылдау мәселелері; экон. жүйелердің тұрақты әрі орнықты даму мәселелерін жүйелі талдаудың модельдерін, әдістерін және күрделі объектілерді басқарудың көп мақсатты жүйелерін құрудың ақпараттық технологиясын жасау; сезгіш жүйелер бағдарламасының бағытын ерекшелеудің логикалық тілін дамыту, т.б. Институтта Ә.Ә. Әшімов, Р.Г. Бияшев, М.Б. Айдарханов, С.П. Соколова, т.б. белгілі ғалымдар қызмет істейді.