АҚМИЯ

АҚМИЯ (GoebelaSophora) — бұршақ тұқымдасына жататын ағаш не бұта немесе көп жылдық өсімдіктер. Сабағы тік, оған тақ қауырсынды күрделі жапырақтары қарама- қарсы орналасады. Гүл шоғыры — шашақ. Әрбір гүлінің 5- тен тостағанша және күлте жапырағы болады. Аталығы 10, жіптері бос боп жетіледі, аналығы біреу, ол бір жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі көп тұқымды ұзын бұршаққапбуынданып келген, екі жақтаумен ашылады. Тұқымының сырты жылтыр, түсі қоңыр. Бұлар — негізінде бояу, бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер. А-ның Қазақстанда кәдімгі А. және есекмия деп аталатын 2 түрі өседі. Кәдімгі ақмия немесе с о ф о р а (G. alopecuroides) Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Биікт. 40— 100 см. Сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанған. Тақ қауырсынды жапырағының ұз. 10 — 20 см. Ақшыл не сарғыш гүлдері шашақ гүл шоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Оның құрамында алкалоид бар. Сондықтан тұқымы улы. Е с е к м и я (G. расһycarpa) тау бөктері мен қыратта, сары құм топырақты жерлерде өседі. Биікт. 30 — 60 см. Сабағы бұтақты, қалың жапырақты, тықыр, түкті болады. Дара жапырағы қауырсын тәрізді, жапырақшалары 6—12 жұптан тұрады. Гүлі ақшыл сары түсті. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Тұқымы — қоңыр, сырты біркелкі тегіс. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *