АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ

АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ — Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд-нда орналасқан. Әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұз. 254, ені 65, биікт. 25 м. Кеуленген жарқабақ саңылауларынан мезгіл- мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген аңыз айтылады. Үңгірге перзент кермеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *