АҚМАЯ — Қызылорда обл-ның Шиелі ауд-ндағы ауыл. Аудан орталығы — Шиелі кентінен оңт.-шығысқа қарай 15 км жерде, Телікөл арнасының батыс жақ жағасында, шөл белдемінде орналасқан. 1973 жылға дейін ұжымшар орталығы, 1997 жылға дейін “Авангард” күріш кеңшары мен Ақмая ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Тұрғыны 1,5 мың адам (1997). Мұнда күріш және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалығы ұйымдастырылған. Орта мектеп, клуб, аурухана, кітапхана, машина-трактор жөндеу шеберханасы бар. Ауыл үстін басып Шиелі — Авангард автомоб. жолы өтеді.