АҚДАЛА СУЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

АҚДАЛА СУЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ — Алматы обл-ның Балқаш ауд. аумағына орналасқан, Қазақстанның оңт.- шығыс бөлігіндегі ірі суландыру жүйесі. Ол осы аумақтағы су (негізінен, Іле өз.) және жер (Ақдала жазығы) ресурстарын толық пайдалану мақсатында салынған. Су көздерін игеру мақсатындағы құрылыс жұмыстары 1965 ж- дан басталды. Ақдала жазығы Қапшағай су бөгенінің пайдалануға берілуіне байланысты дәнді дақылдар (негізінен, күріш) егілетін ірі өңірге айналды. Ондағы суландыру жүйесінің жалпы ұз. 2570 км, ал су жинау жүйесінің ұз. 216 км. А. с. ж-не 2 ірі — Тасмұрын және Бақанас суландыру алқаптары енеді. Тасмұрын суландыру алқабы 1967 ж-дан, ал Бақанас суландыру алқабы 1974 ж-дан пайдалануға берілді. Олар орта есеппен, тиісінше, 14 мың га-ға және 11 мың га-ға жуық жерді суландырады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *