АҚБҰЙЫМ

АҚБҰЙЫМ, Ақ биім – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Ұлы жүздегі жалайыр тайпасынан таратылады. Ұраны — Бекбау, Бақтияр, таңбасы — тарақ. Ежелгі қонысы — Алтынемел тауы мен Іле өз-нің арасы. Қыстауы — Іле өз-нің оң жағасы, Шолақ тауының іші, Алтынемелдің күнгей жақ беткейіндегі Бақтияр, Қосқұдық, Жартасты, Көктөбе жерлерінде. Жаздың ыстық айларында Қапал — Арасан тауларындағы Жалғызағаш, Қоянды, Арасан, Ақжар жайлауларына шыққан. Жидебай, Көшентоған, Теректі, т.б. қыстаулардың маңына егін салған. А. Сары, Құйас деген екі атаға бөлінеді, кейбір шежірелерде Құйас, Маман, Саман, Тұрлыбай, Көлбай, Есет, Дәуей деп таратылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *