АҚБИКЕШ (т.ө.ж.б.) — 17 ғ- дың алғашқы жартысында өмір сүрген көріпкел. Есім хан жасақтарынын Бұхарға, Қашғар уәлаяттарына, Құба қалмаққа жасаған жорықтарына қатысқан ер жүрек қыз. Ол алыстағы жау әскерлерінің орнын дәл болжауы арқылы қазақ жасақтарына көп көмектескен. А. еліне оралған соң, Қаратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, жауды осы қарауыл мұнарадан қарап тұрған. Кейін бұл мұнара «Ақбикеш мұнарасы» аталып кеткен. Ел аузында сақталған аңызда А- ті жоңғарлар қапыда қолға түсіріп, көзін ойып алған деседі.