АҚБАҚАЙ КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ — қоспа әрі құйма алтын, күміс және басқа да минералды шикізат шығаратын ашық түрдегі акционерлік қоғам (1994). Акциялары мемл. меншігінде. Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Ақбақай кентінде орналасқан. “Алтайзолото” комбинатының Семейдегі кен өндіру учаскесі ретінде ашылып (1974), кен өндіру көлемі артуына байланысты кенішке айналған (1979). Кейін Ақбақай, Арқарлы кеніштерінің негізінде комбинатқа айналды. 1994 ж. қаңтарда акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қоспа алтын мен құйма алтынның доре балқымасын, күміс өндіреді. Өндірілетін алтынның орташа жылдық көлемі 2 т-ға жуық. А. к. б. к. өнімдері ҚР мемл. сақтау мекемесіне тапсырылады.