АҚБАУЫР БҰЛДЫРЫҚ

АҚБАУЫР БҰЛДЫРЫҚ(Pteroles alchata) — кептер тәрізділер отрядының бұлдырықтар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның Ақтөбе, Қызылорда, Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Алматы обл-тарының шөл, шөлейтті ауд-дарында мекендейді. Қанатының ұз. 19 — 21 см, салм. 225 — 290 г. Денесінің үстінде сары түсті сұр теңбілдері бар. Қара жолақпен көмкерілген жемсауы мен төсі қызғылт күрең түсті. Басқа бұлдырықтардан айырмашылығы — бауырының ақ болуы. Ұшқанда көмекейден мыңғырлап дыбыс шығарады. Құмды жерлер мен оған іргелес жатқан тақырларды ұялайды. Ұясын жерге кішкене шұңқыр жасап салады. Мамыр — шілдеде қоразы мен мекиені 2 —3 жұмыртқаны кезектесіп басады. Балапандарын да ұядан бірлесіп ұшырады. Түрлі өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістер мен жәндіктермен қоректенеді. Тұщы, ащы суды да іше береді. Күніне 2 рет су іздеп, 20— 30 км қашықтыққа ұшып барады. А. б. — жыл құсы. Тамыз айынан бастап үлкен топ құрайды. Қыркүйек — қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Көктемде қайта оралады. А. б-тың тіршілігі толық зерттелмеген. Таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *