АҚБАСТАУ СЫНТАСТАРЫ

АҚБАСТАУ СЫНТАСТАРЫ — қола дәуірінің ғұрыптық мақсатта пайдаланылған тас ескерткіштері. Карағанды обл. Ақбастау өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1950 ж. Орт. Қазақстан комплексті археол. экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) ашқан. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. А. с. жергілікті граниттен төрт қырлы, ұзынша етіп дайындалып, жерге тігінен көміліп қойылған. Жоғарғы ұштары жарты шеңбер үлгісімен дөңес көлбеу түрінде шығарылған. Бұл тех. әдіске қарағанда ескерткіштер қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Әсіресе, Орт. Қазақстан өңірінде көптеп кездесетін мұндай ескерткіштер қола дәуіріндегі көне тайпалардың жиналып, ата-баба рухына табынатын, Күн, Көк тәңіріне жалбарынып, құрбандық шалу салтанатын өткізетін, аса құрметтеп-қастерлеген тұрақты ғұрыптық орындары болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *