АҚАБА — суы ағып жатқан арық-атыз бен тоғанды байлағанда қалған сарқынды су. А. суын арық арқылы ағызып, аумағы шағын егістіктерді суарады. Егер бұл суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Алматы обл-тарында жиі қолданылады.