АКРОБАТИКА

АКРОБАТИКА (грек. Аkrobateo – аяқтың ұшымен жүремін, жоғары өрмелеймін) — 1) күш жұмсай орындалатын дене шынықтыру жатгығуларының бір түрі; 2) цирк өнерінің жанры (А. күш жұмсау, секіру арқылы орындалады); 3)спорт түрі (қ. Спорттық гимнастика). А. б.з.б. шамамен 2300 ж. Ежелгі Египетте, Грецияда, т.б. елдерде пайда болды. А-лық жаттығулар алғаш қалалардың ашық алаңдарында, базарларда орындалды. Бертін келе цирк аренасына көшіп, жаттығулары күрделене бастады. А. — қазір спорттың кең тараған бір түрі. Қазақстанда спорттық А. 1933 жылдан тарай бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 ж. өткізілді. А-ның спорттық гимнастика түрінен еліміздің намысын халықар. Олимпияларда Ю. Цапенко (3-орын, Токио, 1964), Н. Ким (1- орын, Канада, 1976), В. Люкин (1-орын, Сеул, 1988), В. Новиков (І-орын, Сеул, 1988) қорғады. Республикада А-лық спорттың түрімен мыңдаған адам айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *