АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ — Қазақ АКСР Халық ағарту халкоматы жанынан 1921 ж. тамызда құрылған мекеме. Оған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттері жүктелді. Қызметінің нақтылы бағыттары: халыққа білім беру ісін жолға қою және оны үйлестіру; сауатсыздықты жоюдың, бастауыш, орта және жоғары оқу орындарының жүйелі бағдарламаларын түзу; ғылым, әдебиет және өнер салаларына басшылық ету; оқу орындары, саяси-ағарту мекемелері, баспа ісі, архивтер, мұражайлар, ғыл.-зерт. орындарының қызметіне теор. және әдістемелік көмек көрсету. А. о. А. Байтұрсыновтың басшылығымен қазақ өлкесін жан-жақты зерттеу ісін ұйымдастырды, баспалардан халыққа пайдалы кітаптардың жарық көруін реттеп отырды, қазақ мектептерінің оқу жоспарларының жасалуына, ана тіліміздегі оқулықтардың жазылуына жетекшілік етті, ғыл.-пед. мамандардың көптеп даярлануына қамқорлық көрсетті. А. о-тың қызметіне М. Дулатов, М. Жолдыбаев, Қ. Жұбанов, Б. Майлин, Е. Омаров, Ш. Сарыбаев, С. Сейфуллин, Т. Шонанов, А.П. Чулошников, т.б. белсене қатысты. 1926 ж. наурызда Қазақ АКСР Халық ағарту халкоматының ғыл. және ғыл.-әдістемелік кеңесі болып қайта құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *