АКАДЕМИЯ

АКАДЕМИЯ — ғылыми қоғамдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы. “А.” сөзі гректің Аkademos деген мифтік батырының атынан шыққан. Б.з.б. 4 ғ-да Афина маңындағы “қасиетті бақ” сол батырдың атымен аталып, онда Платон өз шәкірттеріне лекция оқыған. Ғылыми мекемелерде, оқу орындарында “А.” атауы содан бері қолда- нылып келеді. Эллинизм дәуірінде А. типіне жақын ғылыми қоғамдар пайда болды (мыс., Александрия мусейоныб.з.б. 3 ғ.). Ортағасырлық шығыста Бағдадтағы “Ғалымдар үйі” (“Байт ул-хикмаакадемия”, 9 ғ.), Хорезмдегі “Маъмун академиясы” (11-ғ- дың басы), Мараға обсерваторияларындағы (13 ғ.), Самарқандағы (15 ғ.) ғылыми қоғамдар алғашқы А-лық орталықгар іспетті болды. Еуропада (15 — 16 ғ.) Италияның әр түрлі гуманитарлық ғылыми қоғамдары А. деп аталды. Ғылыми орталық ретіндегі А- лар 17 ғ-дан бастап Лондонда (1660), Парижде (1666), Берлинде (1700) құрылды. Ресейде ҒА-сы 1725 ж. ашылды. Қазақстанда 1946 ж. құрылды. Қазақстанда бірнеше салалық А-лар (А.ш., Мед., Пед., Көркемсурет, Әлеум. ғылымдар, Гуманитарлық ғылымдар, Жоғары әскери, т.б.) бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *