АЙҚАНОВ Әбілсейіт Рүстемұлы

АЙҚАНОВ Әбілсейіт Рүстемұлы (15.6.1938 ж.т., қазіргі Алматы обл, Сарқант ауд. Ново-Покровка а.) — балуан, еркін күрестен спорт шебері (1958), Қазақстанның ауыр және жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі 11 дүркін чемпионы (1958 — 69). А. халықар. жарыстарда 75 рет кілемге шығып, оның 72-сінде басымдық көрсетті. Респ. “Қайрат” ерікті спорт қоғамының мүшесі. 1961 жылдан осы қоғам мүшелерін жаттықтырумен айналысты. А-тың шәкірттері — спорт шеберлері А. Бұғыбаев, М. Есімов, М. Нәдірбе- ков, т.б. халықар. жарыстарда респ. намысын қорғады. А. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1968).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *