АЙМАҚТЫҚ МЕТАМОРФТАНУ — магмалық және шөгінді жыныстардың үлкен аймақ бойынша қайта кристалдану процесі. Ол жер қыртысының қозғалмалы белдеу- лерінде жүреді. Ондағы басты факторлар — қысым мен температура. Сондықтан А. мета- морфтануды динамотермиялық метаморфтану деп те атайды. Бұл процесте метасоматоз да орын алады. Бірақ хим.құраушылар метаморфтану белдемінен тыс кетпейді. Сол себепті А. метаморфтану жалпы изохим. процеске жатады. Кей жағдайда метаморф— танатын жыныстардың хим. құрамы үлкен аумақта өзгереді (аллохимиялық метаморфта— ну). Қатпарлы белдеулердің алғашқы даму сатысында флюидтердің құрамы натрийлі болса, метабазиттер жасыл, көгілдір тақтатастарға, амфиболиттерге айналады. Ал орогендік сатыда, флюидтерде калий рөлінің күшеюіне байланысты, гранит-гнейс ке шендері қалыптасады. А. метаморфтану процестің бағытына қарай: ү д е м е л і (про- грестік) және к е р і (регрестік) А. метаморфтану болып келеді. Үдемелі А. мета- морфтану процесінде температура (300 — 1000°С) мен қысымның (3—25 мың бар) өсуіне байланысты жаңадан жоғары температуралы минералдар пайда болады. Мұның нәтижесінде магмалық және шөгінді жыныстар тақтатасқа, кварцитке, мәрмәрға, амфи- болитке, гнейске, гранулитке, эклогитке айналады. Кері А. метаморфтануда жоғары тер- модинамикалық жағдайда қалыптасқан жыныстар температура мен қысымның тө— мендеуінен және су ерітінділерінің қатысуынан қайта өзгереді. Мұнда гидраттану, карбонаттану процестері кеңінен жүреді.