АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКА — жергілікті жерде қолданылмайтын диалектілік сөздер. Кейбір сөздердің таралу шегі шектеулі, тіпті тар болып келеді. Осыған орай мұндай сөз- дер кең аумақты, орта аумақты, тар аумақты сипаттағы А. л. деп бөлінеді. Кең аумақты қамтитын сөзге асар, үме сияқты сөздер жатады. А с а р сөзі Алматы, Жамбыл, Шым- кент, Талдықорған, Қызылорда обл-ның кейбір ауд-дарында қолданылса, ү м е сөзі Аты- рау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обл-тарында кең тараған. Орта аумақтыға Жетісуда кездесетін с а м а , ал тар аумақтыға Тәжікстан қазақтары арасында кездесетін а с к е д і (асқабақ) сөзін мысалға келтіруге болады.
Қазақ тілі говорларында кездесетін А л-ның бірнеше түрлері бар. Олар: әдеби тілде кездесетін түбір сөздер (м ұ ш — жұдырық, м ы ш т а р — бәкі), туынды диалектизмдер -(шеккі-шегу, өлшеу, теппе-саты), сөз тіркестері мен фразеологизмдер (бір мойынжер ширек гектар жер, б ө р і тыңлаумен жүру), семантикалық диалектизмдер (әдеби тілдегі т ә р т і п сөзі Батыс Қазақстанда б ұ й р ы қ мағынасында жұмсалады), лексика-фонетикалық диалектизмдер (көңіл орнына к е у і л , ащы орнына а ш т ы болып айтылу).