“АЗҒЫР” ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ

“АЗҒЫР” ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ (әскери шартты аты “Галит”) — бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі Министрлігі және Бүкілодақтық экс- перименттік физика ғылыми- зерттеу институты (“Арзамас-16”) мамандарының басқаруы- мен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. Атырау обл. Құрманғазы ауд- ндағы “Азғыр” а-нан 15 км- дей жерде орналасқан. Ауд. 0,6 млн. га. Онда 1966 ж. сәуірден 1977 ж. қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165-1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10-25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көл. 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991 — 92 ж. осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды (“А.”я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996 — 97 ж. көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, мышьяк, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болып отыр. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. “А.” я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе, балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 — 2,5 есе жоғары болған. Әсіресе, рак, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-і анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мыс., 1992 ж. Құрманғазы ауд-нда ірі қараның 40%-і, жылқының 35%-і, түйенің 30%-і, қойдың 20%-і өлген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *