АЗОТТЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР – құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек, т.б.) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaN03,) тек Xиде ғана кездеседі. А. т- дың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты [(NН4)2S04] — дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. А м м о н и й нитратының [(NH4)NОз] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа А. т- ға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамыңда азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі А. т-ға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмірқышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: С02+2NН3, = СО(NН2)2 + Н20. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы а м м о ф о с алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NН4Н2Р04) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2НР04] өндіріледі. Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NН4)2 НР04], аммоний нитратының (NН4N03)және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда А. т. Ақтаудағы “Каскор” АҚ-нда (аммиак селитрасы, нитрофоска), Степногорск кен-химия комбинатын- да (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.