АЗИЯ ЖАЛПАҚҚҰЛАҚТЫ ЖАРҚАНАТЫ

АЗИЯ ЖАЛПАҚҚҰЛАҚТЫ ЖАРҚАНАТЫ (Barbastella leucomelas), қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Республикамызда А. ж. ж. әзірге 3 жерден: Іле Алатауының шығыс Бартоғай мекеніндегі және Қорам қыстағының маңындағы үңгірден, Жаркент қ-ңдағы ескі ғимараттардың шатырларынан ұсталған. Өзен бойындағы жартасты жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 48 — 53 мм, қанат сүйегінің ұз. 42 мм. Арқасы ақшыл, бауыры ақтүсті. Тұмсығы келтек, түбіне қарай бірігіп кеткен құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын келеді, қанат жарғағы қара қоңыр болады. Жылдам, әрі мәнерлі ұшады. Түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбейіп, 1 — 2 жарқанат туады. А. ж. ж. тіршілігінің көп жағы ғылымға әлі беймәлім. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *