АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ — құқықтың мүліктік қарым- қатынастарын және солармен байланысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарын, мыс., азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, абыройын, іскерлік беделін қорғайтын және т.б. реттейтін саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қарым-қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемл., сондай-ақ әкімш.-терр. бөліністер болып табылады. А. қ. олардың тең құқылығын, меншіктеріне қол сұғылмауын, жеке ісіне кімнің болса да өктемдікпен араласуына жол берілмеуін, азаматтық құқыларының кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқыларының қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауы қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз мүдделерін көздей отырып, азаматтық құқыларын ерікті түрде иеленеді және оларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, А. қ. кәсіпкерлік қызмет саласында туындайтын қарым-қатынастарды да реттейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *