АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ — мемлекеттік билік оргаңдары мен жеке тұлғаның емін- еркін, бір-біріне тәуелсіз сипатта дамуына мүмкіндік беретін, азаматтық құқықтар орныққан қоғам. А. қ. идеясы ежелгі дәуірде пайда болған. Аристотель А. қ-дағы мен- шіктің рөлі туралы: кімде-кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің иесі бо- лады деп жазады. Кейінірек бұл мәселеге Т. Гоббс, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Пейн, т.б. ойшылдар елеулі үлес қосты. А. қ. 18 ғ-дан бастап кең ауқымда — қоғамдық, тар ұғымда — мүліктік қарым- қатынастарды білдіретін термин ретінде қолданыла бастады. Ағылшын, француз философтары А. қ. адамның табиғи қасиеттері, саяси міндеттер, басқару және құқық формалары, т.б. арқылы қалыптасады деп білді. А. к. жалпы инди- видтен тыс, олардың іс-әрекеті өріс табатын “орта” ретінде қарастырылды. Гегель қ-ды жекеменшікке, мүліктік, топтық (сословиелік) және құқықтық қатынастарға, т.б- ға негізделген “қажеттіліктер жүйесі” ретінде тани отырып, қоғамдық дамудың бірқатар заңдылықтарын болжай алды. Марксшілдер А. қ. терминін мәні “айқын емес” деп біліп, ғыл. ұғымдар жүйесіндегі “қоғамның экон. құрылымы”, “экон. базис”, “өндіріс тәсілі”, т.с.с. терминдермен ауыстырды.

Марксизм негізін салушылар коммунистік қоғамда “адамдардың жан-жақты дамуының” нәтижесінде адамның адамға тәуелділігі жойылатындығына, әркімнің кез келген саламен айналыса алатындығына, өз мамандығын еркін өзгерте алатындығына кәміл сенді. Ақша қоғамдық еңбек өлшемі болудан қалады да, өз мәнін жояды. Тауарлы өндіріс пен қайшылықты мүдделер жағдайында ғана мәнді келісімшартты жүйе соның кебін киеді. Тауарлы өндіріс болмаған жерде мүдделер қайшылығы да болмақ емес, сөз жоқ онда келісімшарттық принципке деген сұраныс та болмайды. Маркс болашақ қоғамды үстемдіксіз ғана емес, өкіметсіз деп елестетті. Өкімет жоқ жерде басқаруды да ешкім қажетсінбейді, яғни, “халықты басқару” демократия ұғым- дарының да мәні болмайды. В.И. Ленин ескі мемл. жүйені қирату қажеттігін айта отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет ұғымдарын ауызға алмады. Адамзатты азат ету ақыр соңында таптық айырмашылықты жоюға, одан соң азаматтық қоғам мен мемл-тің бөлінуін жоюға, сондай-ақ жеке адам мен ұжымдық өмір сүруді үйлестіруге жеткізеді деп есептелді. Нә- тижесінде, шынайы социализм жағдайында, жалпы мүдделердің кепілі мен тілегін білдіреді деп есептелген мемл. шын мәнінде күллі қоғамды өзіне бағындырып, жұтып қойды. Сондықтан да “кеңестік ” қоғамтануда “азаматтық қоғам” түсінігі ауызға алын- бады.

Сөз жүзінде адамдардың еркіндігі мен құқын айғайлай жариялағанымен, тоталитар- лық қоғам өз табиғатында қоғамда шынайы демокр. орнатуға дәрменсіздігін танытты. Сондықтан да елдің қожасы деп жарияланған еңбекшілер іс жүзінде партиялық- мемл. машинаның елеусіз тегіршегіне айналып, өнімді еңбекке деген ынта-ықыласы жойылды. Адам қоғамдағы идеол. диктат пен өмір ағысын қатаң реттеу жағдайында өзіндік таңдау құқығынан мүлде айрылды. Бұл жағдай, ең алдымен, тұлғаның демокр. құқығы мен еркіндігін жоққа шығарған тоталитарлық саяси режим басқаруының салдарынан болды.

Құқықтық мемл. құру мен қоғамды демократияландыру — қайшылықты, ұзақ та күр- делі процесс.

А. қ-да адамдардың экон., саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемл. тарапынан қатаң тәртіптің ор- натылуынан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқылары сақталады, бұзыл- майды. А. қ. экон-сының негізі — әр түрлі меншіктегі көп укладты шаруашылық. Яғни, қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына орай пайдалана алады. Сондықтан, мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. А. қ-ның аясына адамдардың өздері құрған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығарм., спорттық, этник. және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік тұрмысы мен жеке өмірі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері кіреді. Саяси өмірде А. қ. барлық азаматтардың мемл. және қоғамдық істерге еркін қатысуына, халықар. дәрежеде мойындалған ережелерге сай азаматтық құқыларын жүзеге асыруына жағдай жасайды.

Қазақстанда А. к-ның ірге көтеруі ерекше жағдайда өтті. Қоғам өмірі барынша мемл- тендірілген кеңестік жүйе күйрегеннен кейін, А. қ сатысына өтуге “жоғарыдағы” мемл-тің өзі ұйтқы болды. Халықтың сана-сезімі, тұрмыс-тіршілігі белгілі бір сапалық деңгейге көтерілгенше, бұл процеске мемл. елеулі түрде ықпал етті. 1996 ж. ҚР Конституциясы Қазақстанда әлеум. бағдарлы нарық экон-сы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыруға қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемл. меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқыларының кең аукымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әкені және баланы мемл-тің қорғауын; идеол. және саяси әр алуандылықты және т.б. да А. қ-ды дамытудың алғышарттарын жатқызуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *