АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық ш-н жау шабуылынан, жаппай қырып- жою, табиғат апаттарынан, т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын ала хабарлау, т.б. А. қ. бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қырып-жою қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әр түрлі ұйымдастыру және инж.-тех. шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, мат,- тех. құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы А. қ. топтары құрылады, т.б. ҚР-нда А. қ. барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемл. комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің обл., қалалық және ауд. бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары А. қ. шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *