АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕР

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕР – қылмыстық әрекет салдарынан келтірілген зиян үшін материалдық жауапкершілік арқалайтын тұлға. Айыпталушының қылмыстық әрекеті салдарынан келген залал үшін материалдық жауапкершілік арқалайтын ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы не өзге адамдар, сондай-ақ мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар А. ж. ретінде жауапты болуы мүмкін. Азаматтық процестің қатысушысы бола отырып, А. ж. ҚР-ның іс жүргізу заңдарына сәйкес белгілі бір құқыларды пайдалана алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *