АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК, азаматтық құқықтық жауапкершілік — құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; өзге тұлғаның субъективтік азаматтық құқыларының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орындамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. А. ж- тің ерекшелігі оның арқауына және реттеу әдісіне байланысты. А. ж. – мүліктік жауапкершілік. Ол келісімшарттық және келісімшарттық емес; үлестік; бірлескен; субсидиарлық аралас, сондай-ақ регрестік тәртіптегі жауапкершілік болып бөлінеді. Ортақ қағидаға орай, өзінің міндетін орындамаған немесе тиісінше орындай алмаған тұлғаның кінәсі болған кезде А. ж. пайда болады. А. ж., әдетте, құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеу принципіне негізделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *