АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР

АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР – азаматтардың мүдделерін шектеп, қысым жасаған билік органдарының өктемдігіне қарсы шығу немесе өзара көмек жасау үшін ұйымдас- тырылған ұжымдық белсенділіктің, азаматтық бастамашылықтың көрінісі. Ол тұрғын үйге, қала мен ауылдың дамуына, қатынас, көлік, білім беру ісіне, денсаулық сақтауға, экологияға қатысты және т.б. мәселелерді шешу мақсатымен адамдардың өз еріктерімен құрылады. Оған ұйтқы болған азаматтық топтар, бастама көтерушілер әр түрлі жиындар, шерулер ұйымдастырып, қол қойдырып, үндеулер таратып, барынша көп адам қамту арқылы билік органдарына қысым жасауға тырысады. А. б-ларда көтерілген мәселелер шешілмесе, ол ауқымды демокр. қозғалысқа ұласуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *